Астанада бiлiм гранттарын тағайындау жөнiндегi республикалық конкурстық
комиссия жұмысын бастады. Оның құрамында мемлекеттiк органдардың, бiлiм саласы
кәсiподақтары мен Ұлттық кәсiпкерлер палатасының өкілдері бар. Сондай-ақ
Қазақстанның Азаматтық альянсы мен оқу орындарының ректорлары енгiзiлген.
Комиссия отырысында түлектерді жоғары оқу орындарына қабылдау бойынша қорытынды
шығарылады. Жалпы 2014-2015 оқу жылына 34 165 білім гранты бөлінген. Ал осы
гранттарды ұтып алуға талпынатындар саны 69 624 түлек.
Конкурсқа қатысушылар
арасында 1 732 «Алтын белгi» иегерi, Назарбаев зияткерлiк мектебiнiң 322 түлегi
бар. Олар оқу грантын тағайындау барысында басым құқықтарға ие болмақ. Мемлекеттiк
бiлiм гранттары иегерлерiнiң тiзiмi 10 тамызға дейiн белгілі болады. Ол
әдеттегідей БАҚ беттерiнде жарияланады.
Базаргүл ОТЫНШИЕВА