$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Парламент Сенатына сайлау науқанына әзірлік Алматыда қызу қолға алынды

AstanaTV
06.08.2014ж. 20:00
1120
Парламент Сенатына сайлау науқанына әзірлік Алматыда қызу қолға алынды

Парламент Сенатына сайлау науқанына әзірлік Алматыда да қызу қолға алынды. Тамыздың екісі мен отыз бірі аралығында өтетін өзін өзі ұсыну науқанынан соң, қыркүйектің 11-не дейін тіркеу жұмыстары жүргізілмек.

Айта кетейік, биылғы Парламент Сенатының сайлауы қазанның бірінде өтеді деп жоспарланған. Науқан бюджеттен қаржыландырылады. Биылғы сайлауға мемлекеттік бюджеттен 136 млн теңге бөлінген. 

Жанна Асанова, Алматы қалалық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары:

Қазіргі таңда Алматы қалалық комиссиясына 5 кандидат арыз берді. Оның біреуі маслихаттың ұсынуымен, ал төртеуі өзін өзі ұсыну жолымен. Олардың құжаттары тексерілуде.

Маржан СЕРІКҚЫЗЫ