$526.81 €542.72 ₽5.16
×

Апелляциялық сот "Қорғас ісіне" қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды

AstanaTV
06.08.2014ж. 20:00
1065
Апелляциялық сот "Қорғас ісіне" қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды

Апелляциялық сот "Қорғас ісіне" қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды. Бүгін Алматыда аты шулы іске қатысы бар азаматтардың апелляциялық шағымы сотта қаралып, үкім оқылды. Оған сәйкес, тек Марлен Садыбековке қатысты шыққан шешім өзгерді. Яғни Садыбековке 2 жыл шартты жаза кесілді. Қалған айыпталушыларға қатысты шешім сол қалпында қалды.

Марат Ахметжанов, М.Садыбековтың қорғаушысы:

Соттың шешімі бойынша, қазір шығарылсын деген үкім шығарылды. Сондықтан қазір босату керек. Біздің қорғаудың шағымы жартылай қанағаттандырылды. Бұл үлкен жеңіс деп санауға болады.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Қорғас кеден бекетінде, 2011 жылдың мамырында шу шыққан еді. Бірнеше лауазымды тұлға сыбайлас жемқорлыққа жол берді деп айыпталған. Қаржы полициясы ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті.

"Қорғас ісі" 2013 жылдың сәуірінде сот орындарына түсіп, биылғы сәуір айында үкім шыққан болатын. 45 адам 5 жылдан 17 жылға дейін жаза арқалады. Ал апелляциялық сот алқасы аты шулы істі 8 шілдеде қарауға кіріскен.

Маржан СЕРІКҚЫЗЫ