Жамбыл облысында ауыл шаруашылық саласындағы өнім көлемі жыл басынан бері
50 млрд теңгеге жеткен. Бұл жайында ақпарат құралдары өкілдерімен кездескен облыстық ауыл
шаруашылығы басқармасының басшысы Абдалы Нұралиев айтты. Егістік алқаптары
арқылы 1,2 млрд теңге пайда түссе, мал шаруашылығындағы табыс 41 млрд теңгеге
жуық.
Бұл көрсеткіштер өткен жылмен салыстырғанда 14 пайызға жоғары. Ал егіс
алқаптарында еңбек қызып тұр. 44 мың гектардай жерге егілген картоп көкөніс пен
бақша өнімдері бітік шыққан. Жүгері мен мал азығы өнімдері 93 мың гектарға
себілген. Олардан да мол пайда түседі деп күтілуде. Құс шаруашылығын қайта
түлету қолға алынады дейді салаға жауапты атқамінерлер. Аймақта құс саны кеміп
барады. Оған облыстағы құстың 80 пайызы жекелеген қожалықтардың қолында болуы
себеп.
Абдалы Нұрәлиев, Жамбыл облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:
Құс санының кемуіне байланысты облысымызда бірқатар жобалар жүзеге асып
жатыр. Оның бірі - «Әулиеата-Феникс» ЖШС тарапынан жобалық құны 1 млрд 200
миллион тұратын, 3 жарым мың тонна құс етін өндіретін үлкен жоба жүзеге асырылып
жатыр.
Данияр ӘЛІМҚҰЛ