$544.87 €639.02 ₽6.88
×

Шотландықтар корольдік құрамынан шығудан бас тартты

AstanaTV
19.09.2014ж. 13:00
1420
Шотландықтар корольдік құрамынан шығудан бас тартты

Шотландияның тәуелсіздігі бойынша референдум аяқталды. Бүгін жергілікті уақытпен 22,00-де барлық сайлау учаскелері жабылып, дауыс санау басталды. Әзірге сайлаушылардың 4,2 миллионы референдумға қатысқаны жайында хабарланды.

Айта өтейік, биыл алғаш рет 16 жасқа толған азаматтарға да дауыс беруге рұқсат етілген. Референдумның соңғы қортындысы жақын арада белгілі болмақ. Алайда, Экзит Пуллдың келтірген мәліметі бойынша дауыс берушілердің 50%-нан көбі Ұлыбританияның тұтастығын қалады.

Қортынды жарияланған соң Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон ресми мәлімдеме жасайды деп күтілуде. Айта өтейік, ол Шотландияның біріккен королдіктен бөлініп шығуына әу бастан үзілді-кесілді қарсы болған.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА