$526.81 €542.72 ₽5.16
×

Шағын орта кәсіпкерлікті дамытпай, өркениетті елдер сапынан көріну қиын

AstanaTV
07.08.2014ж. 20:00
1647
Шағын орта кәсіпкерлікті дамытпай, өркениетті елдер сапынан көріну қиын

Шағын орта кәсіпкерлікті дамытпай, өркениетті елдер сапынан көріну қиын. «Отандық кәсіпкерліктің бет-бедерін айшықтап, «бизнес-банк-өндіріс» формуласын жетілдіретін кез келді» деген пікірге басымдық беріле бастады, - деп жазады "Айқын" газеті. Мақала авторы: "Болашақта бизнес пен банк арасындағы тығыздықты 60 пайызға жеткізсек, кез келген жобаның бағы ашылар еді. «Мұндай межені бағындыру үшін не істеу керек?» деген сұраққа Үкімет тарапынан нақты жауап берілген жоқ", - деген деректермен бөліседі.

Өткен жартыжылдықта ШОБ өкілдеріне несие беру азайған. «Даму» қорының мәліметіне сәйкес, бизнесті несиелендіру өткен жылы орта есеппен 17 пайызға төмендеген, кей өңірлердің көрсеткіші одан да үлкен. Жамбыл, Маңғыстау және Алматы облыстарында берілген несие 58, 51 және 34 пайызға құлдыраған. Мақалада осындай деректер келтіріледі.

"Елбасы банктердің бетін шағын және орта бизнесті қаржыландыруға бұру керек, осы ретте арнайы бағдарлама жасалсын деп Үкімет пен Ұлттық банкке осыдан үш жыл бұрын тапсырған. Өкінішке қарай, тапсырма орындалмады", - дейді "Айқын" шолушысы.

Базаргүл ІЗІМОВА

Алдыңғы жаңалық