$526.81 €542.72 ₽5.16
×

"Алмас туризм" клиенттері не ақшасын ала алмай, не шетелге ұша алмай жүр

AstanaTV
08.08.2014ж. 20:00
1530
"Алмас туризм" клиенттері не ақшасын ала алмай, не шетелге ұша алмай жүр

Алматыда туристер төңірегіндегі дау толастамай тұр. Бүгін «Алмас туризм» компаниясы арқылы шетелге жолдама сатумен айналысатын турфирмалардың қожайындары жиналды. Компанияның кеңсесіне келген олардың мақсаты біреу ғана. Өткен аптадан бері Түркиядан елге қайта алмай және ол жаққа ұша алмай отырған бірнеше ондаған туристің мәселесін шешу. Жиналғандардың сұрақтарына жауап беретін адам табылмады. Компанияның басшысы Айнұр Бәкібаева орнында жоқ.

Әсем Тоқбаева, туристік фирманың директоры:

Компания басшысы бірнеше күннен бері қарасын көрсетпеді. Біз  осы аулада отырып оның жолын тосуға мәжбүрміз. Енді не істерімізді, туристеріміздің жағдайын қалай шешіп берерімізді білмейміз. Егер дүйсенбі күні ұшуға тиіс азаматтар ұшпаса, біз олардың үстінен арыз жазатын боламыз.

Ал «Алмас туризм» орын алған жағдайдың түйінін тарқатып, шешу жолын көрсетер деген үмітпен заң компаниясымен келісімшартқа отырған. Бұл жайында арнамызға заңгерлік компанияның өкілі айтты.

Евгений Братусь,  заң компаниясының заңгері:

Қазір істің мән-жайымен танысып жатырмыз. Негізі "Алмас туризм" өз міндеттерін толық атқарғанына қарамастан, Түркия жағы ақша алмадық деп отыр. Сондықтан компания  қаржы  полициясына істің ақ-қарасын ажыратуды сұрап шағым түсірді. Сонымен қатар туристердің шығынын өндіру үшін,  есепшілер қаржы аударымдарының бәрін қайта қарап жатыр.

Маржан СЕРІКҚЫЗЫ