Стратегиялық емес нысандарды
жекешелендірудің екінші толқыны электронды сауда арқылы іске асуда. Бүгін Қаржы министрлігінде мүлікті мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында сату бойынша электронды
сауда-саттықтардың семинар - тұсаукесері өтті.
Оған Ақмола, Солтүстік Қазақстан,
Қарағанды, Қостанай облыстары мен Астана қаласы бойынша аумақтық бөлімшелерден
өкілдер қатысты. Аталған өкілдер электронды саудаға атсалысатын болады. Жыл
аяғына дейін 295 нысанды, ал 3 жыл
көлемінде 853 объектіні сату жоспарланып
отыр.
Бүгінде сауда алаңының функционалы кеңейген. Яғни енді тек мемлекеттік
меншік бойынша ғана емес, холдингтер бойынша да барлық бәсекелес
сауда-саттықтар өткізіледі. Ал сатылған
нысанды сатушы тарап қадағалайтын болады. Электронды тендер мен конкурсты
енгізу объектілерді нақты шарттармен сатуға мүмкіндік береді. Сауда алаңында
сатылатын объектілердің тізімі мен өзге де
ақпаратты кез-келген адам
интернет-ресурстардан көре алады. "Сауда-саттықтың мұндай ашық түрі өз кезегінде сыбайлас жемқорлыққа жол бермейді",
- дейді мамандар.
Эдуард Өтепов, ҚР Қаржы
министрлігі мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы:
Сауда-саттықтың осы түрі
аукционға қатысушылар санын көбейтеді. Яғни сол арқылы бәсекелестік деңгейі
артып, объекті барынша жоғары бағаға сатылады. Осыған дейін сатылған
объектілердің қорытындысына қарасақ, барлығы да бастапқы бағадан 2 есе артық
құнына сатылған. Әр нысанға шамамен 30
сатып алушы таласады. Және бір ерекшелігі - бұл сауда-саттық бизнестің «бір
терезе» принципі бойынша ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Жекешелендірудің екінші
толқынын жүргізу мақсатында, Қаржы министрлігі арнайы портал ашқан. Өткен жылдың мамырынан
бастап жұмысқа кіріскен порталда
мемлекеттік меншік объектілерін оnline режимінде сататын электронды
нысан енгізілген. 2013 жылдың 1 маусымынан бастап күні бүгінге дейін 1563
электронды аукцион өткізілді. Оның 1233-і республикалық, ал 330-ы коммуналды
меншік бойынша.
Айта кетейік, Президент Нұрсұлтан Назарбаев елімізде өтіп жатқан жекешелендірудің кезекті толқынына қатысты қатаң ескертулер жасаған. Таяуда өткен Үкіметтің кеңейтілген жиынында елбасы атқамінерлерге қаратып "бұған
дейінгі жекешелендіру науқаны тұсында жіберілген кемшіліктер осы жолы
қайталанбауы тиіс",-деген болатын.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан
Республикасының Президенті:
Вот для открытости, для
транспарентности, чтобы это опять не братьям, сватьям проходило, что
делается? - Ты отвечаешь, вот все акимы
сидят, осы жерден өздеріңе өздерің жаманшылық жасап алмаңдар.
Тоғжан ЖАҚСЫЛЫҚҚЫЗЫ