$526.81 €542.72 ₽5.16
×

Елде астық көлемі өткен жылдан біршама төмен болуы мүмкін

AstanaTV
08.08.2014ж. 20:00
1121
Елде астық көлемі өткен жылдан біршама төмен  болуы мүмкін

Биыл елімізде  астық көлемі өткен жылмен салыстырғанда біршама төмен болуы мүмкін. Қазір  республикамыздың бірқатар өңірлерінде астық жинау науқаны басталып кетті. Ауыл шаруашылығы мамандарының келтірген деректеріне сүйенсек,  дәнді дақылдар егілген алқаптардың 50 пайызына жуығының ғана жай-күйі жақсы деуге тұрарлық. Өткен жылы бұл көрсеткіш 60 пайыздан асқан.

Сақташ Қасенов, ҚР АШМ агроөнеркәсіп кешені мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы:

Былтырға қарағанда төмендеу. Былтыр 64% болған.  Бірақ екінші қанағаттанарлық фазасына қарағанда, кішкене жоғары болып тұр. Ал енді нашары 5%, былтыр 4% болған.

Сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласының шенеуніктері жыл сайын қайталанып отыратын астық сақтау мен кептіру проблемалары биыл болмайды деп сендірді. Ол үшін министрлік бірқатар шаралар қолданған. Жиында Ресейге қатысты Еуропа мен Батыстың санкцияларын Қазақстан ауыл шаруашылығы саласында қалай ұтымды пайдалана алады деген сауал қойылған. Бұған қатысты, Сақташ Қасенов бірінші кезекте ішкі нарықты толық қамтамасыз етіп алып барып, экспорт мәселесін  қарастыру керек деп жауап берді.

Сақташ Қасенов, ҚР АШМ агроөнеркәсіп кешені мемлекеттік инспекциясы комитетінің төрағасы:

Ресей астық жөнінен өзін-өзі қамтамасыз етіп отырған мемлекет. Болжам бойынша, көршілеріміз биыл 90-95 миллион тонна астық жинауды жоспарлады. Сондықтан олардың өздері эскпорт жайын ойластырады. Ал етке келетін болсақ, бізде ет бар, бірақ мәселе тек бағада. Ресейдің Аргентина, Бразилиядан импорттап отырған етінің бағасымен салыстырғанда, біздің ет ол өнімдерге бәсекелесе алмайды.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ


Алдыңғы жаңалық