$526.81 €542.72 ₽5.16
×

Мәскеу АҚШ құс еті мен ауыл шаруашылығы тауарларын алуды доғарды

AstanaTV
08.08.2014ж. 20:00
2017
Мәскеу АҚШ құс еті мен ауыл шаруашылығы тауарларын алуды доғарды

Вашингтон Мәскеуді жаңа шектеулерімен қорқыта бастады. АҚШ қаржы министрінің орынбасары Дэвид Коэннің айтуынша, ел билігі Украинадағы ахуалға байланысты және Иранмен арадағы миллиардтаған сауда-саттыққа қарымта ретінде қосымша шектеулер енгізуге мүдделі.

Ал Мәскеу өз кезегінде американың құс еттері мен өзге де ауыл шаруашылығы тауарларын әкелуді доғарған. АҚШ мемлекеттік департаметі мұның салдары қалай болатынын есептеу үстінде. Министрлік өкілдері эмбаргоның Америка экономикасына титтей де кері әсері тимейді деп арқаны кеңге салып отыр.

Есесіне, Еуроодақ тарапынан мұншалықты сенімділік байқалмайды. Нидерланды, Финляндия мен Грекия қазірдің өзінде шығындарын есептей бастады. Бұлар әлем бойынша агроөнімдерді экспорттаушы мемлекеттер. Бельгия болса, Ресейдің бірқатар өнімдерден бас тартуынан, жарты миллиард еуро зиян шеккенін жасырмайды. Ал Ресей отандық өндірушілерге мықтап иек артуды көздейтін сыңайлы.

Ничего трагичного не произошло и не произойдет. В первую очередь, мы заботимся о покупателях. Хочу вам сказать, на них это никак не отразится.

В принципе, это правильно. У нас много своего есть, своих продуктов. С нами ничего не случится. 

Я думаю, это правильное решение. Наши производители должны начать работать. Производить свою продукцию, чтобы мы покупали уже свое.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА

 

Алдыңғы жаңалық