Парламент Сенаты сайлауына қатысушы 79 үміткердің 4-і қазіргі сенаторлар. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Владимир Фоос мәлімдеді. Оның
айтуынша, 14 адам мәслихаттар тарапынан ұсынылса, 65-і өзін-өзі ұсыну құқығын
пайдаланған.
"Қазіргі таңда ұсынылған кандидаттар Қазақстан Республикасының
Конституциясы мен заңнамасының талаптарына сәйкестігі тексерілуде", - деді
Владимир Фоос.
Владимир
Фоос, ҚР орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары:
79
кандидаттың төртеуі - Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының соңғы
шақырылымдағы депутаттары. Кандидаттардың орташа жасы 53 жасты құрайды. Ең жас
кандидат 37-де, ал ең үлкені 66 жаста.
Жұрағат БАМАН