"Роскосмос" Байқоңырда "Протон-М" зымыран тасығышын ұшыруды қайта жандандырмақ. «Луч» ғарыштық қондырғысымен
жабдықталған «Бриз-М» үдету блогымен ұшырылатын. «Протон-М» зымыранын
28 қыркүйекте ғарыш кеңістігіне ұшыру жоспарланып отыр»,- делінген "Роскосмотың" мәлімдемесінде.
Бұл Байқоңыр ғарыш айлағынан мамыр айында сәтсіз ұшырылған
зымыраннан кейінгі алғашқы әрекет.
Еске салайық, мамырда «Экспресс» байланыс
серігі бар "Протон" зымыран тасығышы сәтсіз ұшырылып, үшінші сатыдан
жіктелуде жерге құлаған болатын.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ