Ал
Қазақстанда жанар-жанармай бағасының өсу-өспеуі туралы болжам жасауға Ұзақбай
Қарабалин дайын емес. Себебі ол бұған дейін, Мұнай және газ министрі болған
тұста, ішкі нарықта сұйық отын бағасы қыркүйекке дейін қымбаттамайды деп
сендірген.
Ұзақбай
Қарабалин, ҚР Энергетика министрінің бірінші орынбасары:
Мен
бір рет болжам айтамын деп аузым күйіп қалған. Өздеріңіз білесіздер ғой.
Бір-екі аптаның ішінде көреміз, осы баға нарыққа мұнай әкелетін компанияларға
жеткілікті болатын болса, онда өзгеріс болмауы керек.
Ал
орақ науқаны кезінде дизельді отынның қымбаттауы ғажап емес. Қазір шекара ашық,
бағаны бекітуде көрші елдердегі нарық та ескеріледі. Әрі ресейлік жүк көліктері
шекаралық аудандардан отынды тонналап тиеп әкетіп жатқаны туралы ақпарат бар.
Өйткені ТМД бойынша ең арзан жанар-жағармай қазір Қазақстанда. Ұзақбай
Қарабалин жанармай бекеттеріндегі тапшылық уақытша, жағдай бір-екі аптада
реттеледі дейді. Өз басы соңғы дүрбелең кезінде тапшылықты еш сезінбеген.
Ұзақбай
Қарабалин, ҚР Энергетика министрінің бірінші орынбасары:
Өз
машинаммен өте сирек жүрем. Оған 3 ай бұрын құйғам, әзірге жетіп жүр. -Қай
маркалы бензин құясыз? -93 социальный бензин ол, сондықтан. Бірақ күнде
жұмысқа жеткенше, заправкаларды тергеп өтем, бағалары қалай екенін.
Мөлдір
БАҚЫТ-ҚЫЗЫ