$525.11 €546.74 ₽4.88
×

БҚО-да Ресейге тонналап жанармай тасымақ болған азамат ұсталды

AstanaTV
27.08.2014ж. 20:00
1390
БҚО-да Ресейге тонналап жанармай тасымақ болған азамат ұсталды

Жанармайдан таршылық көріп отырған Батыс Қазақстан облысында Ресейге тонналап солярка тасымақ болған азамат ұсталды. Ресми орындар таратқан ақпарат бойынша, күдікті жанармайды Оралдан арзан бағамен сатып алып, Ресей асырмақ болған. "Шаған" өткізу бекетінде Шекара қызметінің қызметкерлері тоқтатқан Газель автокөлігінен 3 тонна отын табылады.

Анықтай келгенде, жүк көлігінің Қазақстаннан Ресейге бағыт алғаны, ал жүк иесінің Ресей Федерациясының азаматы екендігі мәлім болды. Көлікке тиелген 200 литрлік 15 бөшкенің барлығы да соляркамен толтырылыпты. Шекарашылар жанармай өнімінің тиісті құжаттары жоқ екендігін де анықтады. Жанармайды заңсыз шекара асырмақ болған пысық енді заң алдында жауап береді.

Манарбек Қарекенов, ҚР ҰҚК шекара қызметі 2029 әскери бөлімінің аға офицері:

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының ҚК 1-бөлімі, 183-тармағы бойынша аталмыш азамат ІІД берілуі жоспарланып отыр. Заңсыз әрекетпен өткізгісі келген жүктің құны теңгемен 360 мың теңгені құрайды.

Еркін ҚАРИН