$526.81 €542.72 ₽5.16
×

Лицензиясыз университет студенттердің құжаттарын бермей отыр

AstanaTV
11.08.2014ж. 20:00
2282
Лицензиясыз университет студенттердің құжаттарын бермей отыр

Тараздағы Жамбыл Гуманитарлық-техникалық университеті Бас прокуратураға шағым түсірді. Оқу орны басшылығының Білім және ғылым министрлігінің аталған жоғарғы оқу орнын лецензиясынан айыру туралы шешімімен келіскісі жоқ.

Жомарт Қошқаров, ЖГТУ ректоры:  

Ғылым министрілігінің Комитет төрайымының бұйрығымен университет 1 июльден бастап тоқтатылды. Бас прокуратурға өзіміздің шағымымызды түсірдік. Сол шағым арқылы Бас прокуратура шешім қабылдайды. Жоғары соттың шешімі әділ болатынына біз сеніп отырмыз. 200-ге жуық грант бар. Бірақ ол гранттардың бүгінгі күні тағдыры басқа ЖОО барғанда, сақталмайды. Бүгінгі күні оларға ол гранттар ары қарай жалғастырылмайды. Берілмейді.

Университеттің жабылуына байланысты, оқу ордасының басшылары өз студенттеріне қандай көмек беретіндерін білмей дал. Осыған орай, бүгін университет басшылығы баспасөз брифингін өткізді. Жиынға балаларының болашағына алаңдаған ата-аналар да жиналды.

Гүлзада Кішібаева: 

Университеттің жабылғанын қаламаймыз ата-аналар. Күніге осы жерде жүрміз, тағдыры қалай болады деп университеттің. 


Дегенмен, 17 жылдық тарихы бар білім ордасынан құжаттарын кері алған студенттер де бар. Қазірдің өзінде жүзден аса студент құжаттарын қайтарып алған. Ал осы тамыз айының 25-іне дейін қалған білім алушылар құжаттарын алып үлеруі тиіс.

Еске салайық, бұған дейін Білім және ғылым министрілігінің Бақылау комитеті аталған оқу орнына екі мәрте тексеру жүргізген. Білім беру сапасының нашарлығына орай, оқу орнын лицензиядан қаққан болатын. Тексеру сынақтарына сай университеттегі 28 мамандық бойынша дайындалатын студенттердің басым бөлігі шектеуден өте алмай, сүрінген. Осы кедергілерге байланысты биыл оқу орны талапкерлерді қабылдаған жоқ. Ал ЖГТУ ректоры Жомарт Қошқаровтың айтуынша, мұнда 1600-ден аса студент күндізгі бөлімде оқыса, олардың 40 пайызы грантта оқиды. Ал 600-ден аса студент әртүрлі әлеуметтік жеңілдіктермен қамтылған.

Данияр ӘЛІМҚҰЛ