$524.75 €540.6 ₽5.12
×

Ресей елшісі Қазақстан мен Ресей қатынасын нығайтуға атсалысқан әйелдерді марапаттады

AstanaTV
11.08.2014ж. 20:00
1289
Ресей елшісі Қазақстан мен Ресей қатынасын нығайтуға атсалысқан әйелдерді марапаттады

Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасын нығайтуға ат салысқан Павлодар қаласының үш тұрғыны көрші елдің сый-құрметіне бөленді. Төсбелгілерді қоғам қайраткерлеріне Қазақстандағы Ресей елшісі Михаил Бочарниковтың өзі табыстады. Павлодар облысындағы славян мәдени орталығының төрайымы Татьяна Кузина «Халықаралық әріптестікті дамытуға қосқан үлесі» үшін марапатталды.

Ресей сыртқы істер министрлігі атынан дәл осындай құрмет Керекудегі славян орталығында орналасқан «Дар России» кітапханасының сақтаушысы Наталья Колодинаға берілді. Сонымен қатар, жыл сайын өткізілетін "Цветаева алауларының" бас идеологы, жергілікті ақын, әрі Анастасия Цветаеваның мұражайын ашқан Ольга Григорьева да арнайы төсбелгімен марапатталды.

Ольга Григорьева, ақын:

Бізді енді қос елдің рухани құндылықтарын ту еткен халықтық дипломаттар деп айтуға болатын шығар. Біз Қазақстанда орыс мәдениетінің өкілдері болып саналамыз. Сондықтан бұл марапат біздің жұмысымызға серпін береді деп сенемін.

Еркін ҚАРИН