Қазақстан ғаламдық бәсекеге
қабілеттілік рейтингінде 50-орынға жайғасты. Бұл
дерек Дүниежүзілік экономикалық форум есебінде жарияланды. Рейтинг инфрақұрылым,
макроэкономика, денсаулық сақтау, инновация сынды салаларды қамтыған 12
көрсеткіш негізінде жасалды. Қазақстан осымен екінші рет 144 елдің ішінен 50-орын алып отыр. Мемлекеттердің бәсекеге бейімділігі жан-жақты зерттелді.
Сондай-ақ, әлемнің 144 елінен 14 мыңға жуық басшыларынан алынған сауалнама
нәтижелері де пайдаланылған.
Сарапшылардың айтуынша, Қазақстандағы
ең түйткілді мәселелер жемқорлық пен қаржыландыруға қолжетімділік.
Айта өтейік, Ресей 53-і орынға
жайғасып, Қазақстаннан қалып қойды. Ал,
ғаламдық бәсекеге қабілеттілік рейтінгінде 1-орын Швейцарияға бұйырды.
Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ