$524.75 €540.6 ₽5.12
×

Халыққа қызмет көрсету орталықтарында тегін кеңес беретін «Заң кабинеттері» жұмыс істейді

AstanaTV
12.08.2014ж. 20:00
3004
Халыққа қызмет көрсету орталықтарында тегін кеңес беретін «Заң кабинеттері» жұмыс істейді

Құқықтық сұрақтарыңызды қоятын заңгер таппай жүрсеңіз, қуанышты хабар. Енді халыққа қызмет көрсету орталықтарында тегін кеңес беретін «Заң кабинеттері» жұмыс істейді. Бұл көмеккен еліміздің кез-келген азаматы жүгіне алады. Жоба авторы және іске асырушы - жеке компания. Мұндай кабинеттерді ашуға тұрғындардан күнделікті түсетін түрлі құқықтық сауалдар сеп болған.

Мәселен, облыстардағы қызмет орталықтарына күніне 1000-нан аса адам, ал Астана мен Алматы қалаларында құқықтық кеңес сұрап үш мыңға жуық азамат хабарласады екен. Мамыр айынан бері іске асып жатқан жобаның нәтижесі де жоқ емес. Бүгінгі күнге дейін бір ғана Астананың өзінде 400-ге жуық адам заң кабинеттерінен кеңес алған. 

Айгүл Қартабаева, заңгер:

Көбінесе мынандай сұрақтар болады: жерді сату, сатып алу үшін қандай құжаттар керек екенін сұрайды. Және ТОО, ИП солардың төлқұжаттарын қалай жасау керек, қай жерге бару керек, соның бәрін сұрайды. Бір айдың ішінде 200-дей адам, одан да көп болмаса.

«Заң кабинеттері» жобасына мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлінбейді. Екі тілде қызмет көрсететін заңгерлердің кәсіби деңгейі жоғары. Олар заң компанияларының жұмысшылары. Құқықтық кеңес қызметі жұмыс күндері таңғы 9-дан кешкі 8-ге дейін көрсетіледі. Және заңгерлер тек кеңес беріп қана қоймай, айтқан нұсқауларының қаншалықты пайдасы тигенін де қадағалап отырады. Ал кеңестен тыс әкімшілік, қылмыстық істерге қатысты қызметтер ақылы түрде жүзеге асырылады. Астанадағы бір ғана «Заң кабинетіне» күніне 10-нан аса адам келеді екен. 

Тоғжан АМАНАЛИЕВА