$524.75 €540.6 ₽5.12
×

Павлодарда сөздік-трамвай жолға шықты

AstanaTV
14.08.2014ж. 20:00
1707
Павлодарда сөздік-трамвай жолға шықты

Павлодарда "тілашар трамвайлар" пайда болды. Енді трамвай вагондарынан күнделікті қолданыстағы қазақ және орыс тілдеріндегі сөздер мен сөз тіркестерін кездестіруге болады. Вагон ішіндегі көрнекті жерде "Туған күніңмен!", "Сағат неше болды?", "Бақытты болыңыздар!", "Сәлеметсіздер ме?!" деген сөздер жазылған. Жергілікті тұрғындар бұл трамвайларға "жылжымалы сөздік" деп ат қойыпты. Ал бастама көтерушілер осындай қарапайым сөздерді неғұрлым жиі кезіктірген сайын, оларды есте сақтап, түсіну де оңай болады дейді.

Осылайша, Павлодарда қазақ тілінің қолданыс аясын біртіндеп кеңейту көзделуде. Мысалы, қаладағы трамваймен күніне 1000 жолаушы діттеген жеріне жетеді, ал трамвай паркінің жыл сайынғы үлесіне тиер жолаушы саны 20 миллион адамнан асып жығылады. Сондықтан, вагондарда жазылған сөздерді павлодарлықтар есіне жіті сақтап, қазақ тілінің қолданыс аясы кеңейеді деген үміт бар. 

Майра Сартаева, "Павлодар қалалық трамвай басқармасы" АҚ вице-президенті:

Біз әзірге тек үш вагонды ғана сапарға шығардық. Бұл үлкен істің басы ғана. Кейін мұндай сөздік-вагондардың қатары көбейтіледі. Жобаны басқа қырынан да дамытуымыз мүмкін. Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту үшін түрлі әдіс-тәсілдерді қолданамыз.

Еркін ҚАРИН