"Барыс"
командасы Президент кубогы жолындағы жарыстың ақтық сынына жолдама алды.
Іріктеу кезеңінің соңғы күні Новокузнецк қаласының "Металлург"
клубымен сынға түскен Андрей Назаровтың шәкірттері ірі есеппен жеңіске жетті.
Екінші кезеңнің басында есеп 2-2 болғанына қарамастан, қалған уақытта айдын
иелері-қонақтардың қақпасына шайбаны қарша боратты. Бұл сәттерде мергендігімен
танылған Дастин Бойд, Брэндон Боченски және Роман Старченко жанкүйерлер қуанышына
бөленді.
Енді финалда "Барыс" командасы Омбы қаласының
"Авангард" клубымен бас жүлдені сарапқа салады. Естеріңізге сала
кетейік. Бұған дейін қазақстандық ұжым Президент кубогын үш мәрте ұтып алды.
Самат
ҚАНАҒАТОВ