Қытайда Харбин провинциясының билігі,
құс фабрикаларын зарарсыздандыруға көшті. Оған таяуда осындағы қаздардың құс
тұмауы вирусынан жаппай қырылуы себеп болған. Жергілікті шенеуніктердің
ақпаратына сенсек, дерттің адамдарға жұғу дерегі тіркелмеген.
Еске сала кетейік, тамыздың 21-і күні
құс фабрикаларының бірінде 18 мың қаз өлген болатын. Тексеріс жұмыстарының нәтижесінде ветеринарлар құстардың
H5N6 вирусына шалдыққандарын анықтады. Ізінше аталған кәсіпорынның жұмысшылары
қатаң бақылауға алынды.
Абзал ҚҰРМАНКИН