АҚШ жетекшілік ететін
халықаралық коалиция Париж терактісіне қатысы бар содырлардың көзі жойылғанын
хабарлады. «Бұл туралы Пентагон полковнигі Стив Уорен мәлімдейді»,- деп жазады
Рейтерс. Уореннің айтуынша, жойқын шабуылдардың нәтижесінде Ирак аумағында
ДАИШ-тың ондаған жетекшісі өлтірілді. Арасында Парижде жарылыс ұйымдастырғандар
да бар.
Солардың бірі - ДАИШ-тың сыртқы байланыстарын қамтамасыз еткен және Париждегі
бөліммен байланыс орнатқан Абдул Кадер Хаким. Көзі жойылған содырлар батыс
елдерінде тағы жарылыс ұйымдастырмақ болған. Бұл ақпарат америкалық сарапшылар
Ресейдің Сириядағы жетістігін мойындаған күннің ертесіне жарыққа шықты.
Еске салайық, 13 қарашада
Парижде бірнеше террорлық шабуыл жасалған еді. Салдарынан 132 адам қаза тапты.
Жарылысты ДАИШ өз мойнына алды.
Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ