$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Президент қорғаныс саласында шет елдік өндірушілермен ынтымақтастықты арттыруды тапсырды

AstanaTV
13.08.2014ж. 20:00
1343
Президент қорғаныс саласында шет елдік өндірушілермен ынтымақтастықты арттыруды тапсырды

Бүгін Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Серік Ахметовті қабылдады. Отандық қарулы күштер ахуалына қатысты министр баяндамасын тыңдаған Елбасы  қорғаныс өнеркәсібіне қатысты жоспарлар мен тапсырмаларды нақтылады.

Мемлекет басшысы елдің қорғаныс өнеркәсібі кешенін әрі қарай дамытудың маңыздылығына және жетекші халықаралық өндірушілермен әскери-техникалық ынтымақтастықты нығайтудың қажеттілігіне назар аударды. Сондай-ақ ықшамдалған Үкімет жүйесінде Қорғаныс министрілігі жұмысын тиімді ету жолдарын қарастыруды тапсырды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Өзіміздің Қазақстанда қандай қару-жарақ жасаймыз, патрондар жасауға тапсырма бергем мен. Басқа Ресеймен келіссөздер бар, олардан техника алу мәселесі. Ол техника қазіргі күнге жарамды ма, осы мәселелердің жөнінде тағы басқаларды әңгімелесеміз.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ