Кеден одағына мүше мемлекеттер басшылары Украина президентімен кездесуге дайын.
Кездесу осы айда өтуі мүмкін. "Бұл деректі бүгін Нұрсұлтан Назарбаев пен
Владимир Путин растады", - деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Телефон арқылы тілдескен Қазақстан және Ресей Федерациясы басшылары Батыс
елдерінің Ресейге қатысты санкциялары және көрші елдің жауапты әрекеттері
туралы сөйлескен.
"Екі ел лидерлері Украинаның оңтүстік-шығысындағы жағдай
бойынша да пікір алмасты. Және Беларусь президенті Александр Лукашенконың
ұсынысы бойынша, тамыздың үшінші онкүндігінде Кеден одағына мүше елдер басшылары
Украина билігімен кездесуі ықтимал
екендігі құпталды", - делінген ресми хабарламада.
Тоғжан АМАНАЛИЕВА