$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қарағанды облысы Абай аудандық "Нұр Отан" саяси кеңесі коррупцияға қарсы әрекет бағдарламасын талқылады

AstanaTV
13.08.2014ж. 20:00
1170
Қарағанды облысы Абай аудандық "Нұр Отан" саяси кеңесі коррупцияға қарсы әрекет бағдарламасын талқылады

Баланы жастан. Қарағанды облысы Абай аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалында өткен жиынға қатысушылар жемқорлыққа қарсы күресті бесік тәрбиесімен қатар жүргізу керек деген ойда. 2015-2025 жылдарға арналған жемқорлыққа қарсы күрес жобасын талқылау барысында партия мүшелері қоғамда еңбекқор адамның, білім-ғылымға ұмтылған жастардың үлгісін кеңінен насихаттау керек деген тоқтамға келді.

Және бұл жұмысты ошақ басы отбасынан бастауды ұсынған нұротандықтар, тәрбиенің негізі - отбасында дейді. Ол үшін түрлі әдеби шығармалар, көркем фильмдер және телевизиялық бағдарламар қажет. Бұл құралдар - жемқорлықтан ада тәрбиенің негізгі моделі болмақ. Өз кезегінде партия жобаның іске асырылуын қатаң қадағалайды.

Нұрлан Аташев, Абай аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

Сыбайлас жемқорлық жоқ мемлекет - бай мемлекет деп есептеледі. Әсіресе мынау жастардың арасында үлкен жұмыс жүргізу керек, семьяда, отбасында. Сондай-сондай ұсыныстарды біздің саяси кеңесшілер ұсынды.

Ал қызылжарлық нұротандықтар жемқорлыққа қарсы күреске қоғам жұмыла қатысуы керек деген пікірде. Кезектен тыс 24 конференцияда партия мүшелері қоғам дерті - жемқорлыққа қарсы күрестің «онжылдық» жобасын талқылады. Жиын барысында «азаматтарымыз жемқорлық фактілеріне бей-жай қарайды, мәселені шешудің оңай жолы көреді» деген ойлар айтылды. Жемқорлық індетін тек мемлекеттік органдар мен халықтың бірлескен жұмысы жоя алатынына партия мүшелері сенімді. 

Владимир Витченко, Петропавл қалалық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының орынбасары:

Аталмыш бағдарламаның негізі - жемқорлық феноменін үдете бермей, керісінше оның жайылуына жол бермей, қарсы күресу болып табылады. 

Азамат АЛДОҢҒАРОВ