Елімізде
жыл сайын 3 мың суицид тіркеледі. Жан түршігерлік көрсеткішке қарамастан, бұл
сан соңғы 15 жылда 3 есеге қысқарған көрінеді. Мамандар оң өзгерістерді соңғы
жылдардағы әлеуметтік-саяси тұрақтылықпен байланыстырып отыр. Бүкіл әлемдік
суицидтің алдын-алу күніне орай бүгін Алматыда мамандар бас қосты.
19
жасар Ғайни өткен жылы өзіне өзі қол
салмақшы болды. Бұндай шешімге ол ата-анасы мен достарының алдында ұятты
болудан қысылғандықтан келген. Себеп - Ұлттық бірыңғай тестілеуден қажетті балл
жинай алмады.
Өзіме
қол жұмсамақ болып жатқанда ағам аман алып қалды. Содан кейін психологтарға
барып кеңес алып, сол кісілердің арқасында өзім кешенді тест тапсырдым, Құдайға
шүкір, қазір өзіме қалаған оқу орнында қалаған мамандығымды оқып жатырмын.
Ғайнидің
оқиғасы қайырлы болды. Алайда мұндай қадамдардың соңы көбінесе қайғымен тынып
жатады. Осыдан бірнеше күн бұрын Астанада 20 жастағы қыз биіктен секіріп мерт болды. Кейін ол қыздың
бұған дейін де өмірмен қош айтыспақ болғаны анықталды.
Дерек
бойынша, жыл сайын әрбір жүз мың отандасымыздың жиырмасы өзіне-өзі қол салады.
Мамандар бұл дерттің басты себебін тап басып айта алмайды. Тәжірибелі психиатр
Сергей Склярдың пікірінше, суицид жан жақты қысымның салдарынан жасалуы
мүмкін. Олар әлеуметтік, биологиялық және психологиялық қысымдар.
Сергей
Скляр, балалар психиатры, м.ғ.к:
Үш түрлі ауыртпалық бір адамның
басына түскен кезде кез-келген адам қатты күйзеліс жағдайында болады. Ешбір
елде суицидтің нақты себебі анықталған
жоқ. Себеп
- адамдардың қазіргі заманда басынан өткеретін қысымдарының көптігі.
Аталған
қауіптерді ескере отырып, еліміздің кез келген емханасында арнайы психологиялық
жәрдем көрсететін кабинеттер жұмыс істеуде. Айта кетерлігі, мұндай мамандардың
көмегіне көп жүгінетін Алматы қаласы суицид көрсеткіші ең төмен шаһар деп танылған. Ажалын өз
қолымен жақындататын жандардың саны оңтүстік астанада салыстырмалы түрде 4
есеге төмен көрінеді.
Азамат
АЛДОҢҒАРОВ