$526.5 €611.64 ₽6.72
×

Атырауда жол-патрульдік полицейі қызметтік тапаншасын әжетханада қалдырып кеткен

AstanaTV
10.09.2014ж. 20:00
1429
Атырауда жол-патрульдік полицейі қызметтік тапаншасын әжетханада қалдырып кеткен

Ұмытшақ полицей. Атырауда жол-патрульдік полицей қызметтік тапаншасын әжетханада қалдырып кеткен. Оқиға қаладағы Сарықамыс шағын ауданында орналасқан, жанар-жағар май  бекетінде орын алды.  Қызмет бабында жүрген  полицей, бекеттің әжетханасына кіріп, суық қаруды сонда қояды. Шығып жүре берген ол әлден уақытта тапаншасы  есіне түсіп кері оралғанда, қару орнында болмай шыққан.

Жоғалған қару тек екі аптадан соң  табылды. Полицейдің үстінен  іс қозғалды. Енді ол ұмытшақтығы үшін заң алдында жауап беретін болады. Айта кетейік, Атырау қалалық прокуратурасының дерегіне сай, мемлекет мүлкіне салғырт қараған полиция қызметкері жұмысын жалғастыруда.

Бауыржан Еңсегенов, Атырау қалалық прокурорының аға көмекшісі:

Атырау облысы Ішкі істер департаментінің тергеу басқармасымен Қылмыстық кодекстің 316-бабы 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғаған. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізілуде. Тергеу жүргізу барысында жоғалған қызметтік тапанша кері қайтарылды. Аталған тапаншаны кері қайтарған азаматтың бұл қылмысқа қатыстылығы қазір тексерілуде.  Тергеу жұмыстары әлі аяқталған жоқ.

Базаргүл ІЗІМОВА