$527.3 €544.86 ₽4.95
×

БҰҰ Эбола безгегіне қарсы шараларды күшейтуге шақырды

AstanaTV
03.09.2014ж. 13:00
1186
БҰҰ Эбола безгегіне қарсы шараларды күшейтуге шақырды

Нигерияның Порт-Харкорт қаласында Эбола безгегін тағы бір адам жұқтырған. Осылайша, қалада қауіпті жұқпалы ауруға шалдыққандар саны он жетіге жетті. Қазір елдің 270 азаматы дәрігерлердің жіті бақылауында. Біріккен Ұлттар Ұйымы Эболаның тез тарап жатқандығын мойындап отыр.

Ал «Дәрігерлерге шек жоқ» ұйымының жетекшісі Джоан Людың айтуынша, дамыған елдің дәрігерлері Батыс Африкада бас қосқан жағдайда ғана дертті жеңуге мүмкіндік туады. Себебі, жергілікті ақ халаттылар өз бетімен аурумен күресуге қауқарсыз. Біріккен Ұлттар Ұйымы берген мәліметке сүйенсек, осы уақытқа дейін Эбола безгегінен мың жарымнан астам адам дүние салып, тағы үш мыңы жұқтырған.

Дэвид Набарро, БҰҰ арнайы үйлестірушісі:

Эбола безгегі тез таралып барады. Біздің әрекеттеріміздің нәтижесі әзірге шамалы. Қазір бұл ауруды жеңу дәрігерлерге қиынға соғып тұр.

Абзал ҚҰРМАНКИН