«Қазпоштаның»
қызметкерлері қысқарады. Оларды алдаудың қажеті жоқ деді «Самұрық-Қазына» ұлттық
әл-ауқат қоры төрағасының орынбасары Елена Бахмутова. «Қазпоштаның» жұмысын
өзгерту - маңызды шаруа. Сондықтан аталған компанияның мәселесі қаралған жиынға
қор төрағасы Өмірзақ Шөкеев қатысып, трансформацияның қажеттігін түсіндірді. Акционерлік қоғам
күрделі өзгеріссіз алға баса алмайтын халег түскен. Өйткені пошта жүйесі кеңестік кезеңдегі сарқындылардан арылар
емес. Шығынды азайтып, еңбек өнімділігін
арттыру қажет. Операциялық қызметтерді автоматтандыру, бәсекеге қабілетті кадр
қалыптастыру да кезек күттірмейді. Яғни біліктілігін дәлелдей алмаған қызметкерлер басқа жұмыс іздеуге мәжбүр
болмақ.
Елена
Бахмутова, «Самұрық-Қазына» Ұлттық
әл-ауқат қоры төрағасының орынбасары:
Вас
люди спросят, а что нас сократят? Ертең сіздерден қызметкерлеріңіз бізді
қысқарта ма деп сұрайды. Халықты алдаудың қажеті жоқ. Қысқарту қажет болса, демек ол орын алады. Ал
қызметкерлер бәсекеге қабілеттілігін дәлелдеу керек. Егер жұмыскерлер компания
табысын арттыратын тың тәсілдерді тапса, сұранысқа ие екенін көрсетсе, ондай
қызмкеткерлер қалады. Бірақ біз қайта оқыту немесе кадр қажет етіп отырған өзге
аймаққа жіберу амалдарын да қарастырамыз.
Яғни
қызметкерлердің сапасын арттыру керек. Ол үшін олардың санасын, ойлау
қабілетін, мәдениетін тіпті ділін өзгертуге бекініп отыр жоғарғы басшылық.
Алайда 22 мың жұмысшының санасын бірден өзгерте қою - оңай шаруа емес екені
айдан анық.
Өмірзақ
Шөкеев, «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры АҚ төрағасы:
Құрылымдарыңыз
өте ауыр. 4 орынбасар, 1 қаржы директоры, бір қызметтердің толып жатқан
жетекшілері, 20 шақты департамент. Бұл не нәрсе? "Қазпошта" адамдарды жұмысқа
орналастыратын мекеме сияқты әсер қалдырады. Олай болмауы керек. Егер біз
өзгеріске қадам жасасақ, кадр саясатын дұрыс жүргізуіміз керек. Неміс, Канада,
Малайзия, Австралия пошталарына қараңыздар, олар пайдаға жұмыс істейді. Барлық
жерде пошта қазір банкке ұқсап барады. Ал ол үшін сапалы, әрі жоғары деңгейдегі
мамандар керек.
Трансформацияға
бір емес бірнеше жыл кетері анық. Абырой болғанда, бұл шаруалар ауылдағы
бөлімшелерді жауып тастауға әкеліп соқпайды. "Қазпоштада" барлығы 3 мың бір
жүзден аса бөлімше болса, оның 70 пайызы ауылдық жерде.
Бағдат
Мусин, «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы:
Ауылдағы
бөлімшелерді жабу арқылы мәселені шеше алмаймыз. Сондықтан трансформация арқылы
әлсіз болып саналған тұстарымызды күшейтеміз. Еңбек өнімділігін арттыру, жаңа
жобаларға қаржы құю және қызметкерлердің жалақысын арттыру үшін, жұмысымызды
табыс көзін арттыруға бағыттаймыз.
Қор екі жыл
ішінде операциялық қызметтердің тиімділігін арттырып, шығынды азайтып, пайданы
көбейту мақсатында 8 бастама ұсынған. Егер операциялық қызметтердің тиімділігін
не бәрі 2 пайызға арттырса, 90 млрд теңгені үнемдеуге болатынын есептеген. Ал
2020 жылғы дейін тиімділікті 5 пайызға арттыру көзделіп отыр. Сонда 200 млрд
теңге үнемделеді екен.
Айгүл
ӘДЕПБАЙ