$524.75 €540.6 ₽5.12
×

Еуропалық одақ тез бұзылатын азық-түлік экспортына қатысты жедел шаралар қабылдамақ

AstanaTV
15.08.2014ж. 20:00
1340
Еуропалық одақ тез бұзылатын азық-түлік экспортына қатысты жедел шаралар қабылдамақ

Еуропалық одақ тез бұзылатын азық-түлік экспортына қатысты жедел шаралар қабылдамақ. Бұл туралы Еурокомиссия өкілі Роджер Уэйт мәлімдеді. Бұған Ресейдің Еуропадан импортталатын азық-түліктен бас тартуы себеп болған. Еуропалық одақ Ресей нарығына жылына шамамен 5,3 миллиард еуро көлемінде азық-түлік экспорттайды.

«Дәл қазір антиресейлік санкциялардың аталмыш экспорт түріне келтіретін залал мөлшерін анықтау қиын. Алайда бүгіннен бастап Брюссель балама нарық іздейді. Қыркүйек басында ауыл-шаруашылық және азық-түлік министрлері бас қосып, мәселенің саяси тұрғыдағы шешімдерін қарастырады. Еурокомиссия санкциялар енгізілген әр салаға бақылау жүргізеді», - деді Роджер Уэйт.

Айта кетейік, өткен аптада Ресей тарапы Еуропалық одақ пен АҚШ-тан және Ресейге қатысты шектеулерді қолдайтын басқа да елдерден көкөніс пен жеміс, сүт және ет өнімдерін импорттаудан бас тартты.

Роджер Уэйт, Еуропалық комиссия өкілі:

Еуропалық одақ ең алдымен тез бұзылатын азық-түлік өнімдері экспортына қатысты жедел шараларға көшпек. Оның ішінде қияр, қызанақ, тәтті бұрыш және саңырауқұлақтардың кейбір түрлерін өткізудің баламалы нарығын қарастырудамыз. Қазіргі таңда салаға қатысты баға қысымын төмендету мақсатында, тез бұзылатын азық-түлік нарығындағы тауарлардың жартысын қолданыстан шығарып, одақ елдерінің кейбір мекемелеріне тарату көзделіп отыр.

Жұрағат БАМАН