Ирак
премьер-министрі Нури Аль-Малики қызметінен кетіп, орнын парламент вице-спикері
Хайдар Аль-Абадиге қалдыруға келісті. Бұл туралы жергілікі бұқаралық
ақпарат құралдары мәлімдеді.
Айта кетейік, бұдан бұрын Ирак президенті Фуад
Масум Аль-Абадиге жаңа үкімет құру туралы тапсырма берген. Ал Нури Аль-Малики
президенттің бұл шешімі заңға қайшы деп, наразылық танытқан-ды. Соған
қарамастан, бүгінде Ирак үкіметі қайта құрылды. Аль-Абадидің премьер болып
тағайындалуын АҚШ, Еуропалық одақ, Біріккен Ұлттар Ұйымы, Араб мемлекеттері
лигасы, Иран, Сауд Арабиясы және Түркия қолдады.
Жұрағат БАМАН