$524.75 €540.6 ₽5.12
×

Атырау облысының әкімі: Қазақстанда жүн мен теріні өңдеуге мүмкіндік жоқ

AstanaTV
15.08.2014ж. 20:00
1782
Атырау облысының әкімі: Қазақстанда жүн мен теріні өңдеуге мүмкіндік жоқ

"Қазақстанда жүн мен теріні өңдеу жұмысы - нөл." Атырау облысының әкімі  Бақтықожа Ізмұхамбетов еліміздегі төрт түлік терісін өңдеу жұмысына осындай баға берді.

Бақтықожа  Ізмұхамбетов, Атырау облысының әкімі:

Бүкіл Қазақстанда жүн мен теріні өңдеу жұмысы нөл деп айтуға болады.  Жоқ еш жерде, бір де бір жерде. Оралда шала-жансар «Аяз» деген фирма бар, киіз басып, байпақ шығаратын. Осындай кішкене мекемелерден басқа түк жоқ. Теріні өңдеу жұмысын қолға алған жоқпыз және қолға алуға тікесінен айтайын - мүмкіндігіміз жоқ.  Әрине, біз еш уақытта, еш уақытта демей-ақ қояйын  жақын жылдары бірнәрсе шығарамыз дегенге,  нанбаймын. Өйткені Германия, Италия  терісіндей тері шығара алмаймыз. 

Бақтықожа Ізмұхамбетовтің мұнайлы аймақтың басшысы қызметін тізгіндегеніне бүгін тура екі жыл. Осыған орай облыс басшысы игі-жақсыларымен кездесті. Жиында еңбек ардагері мал терісі мен жүнін кәдеге асыруды қолға алсақ, деген тілегін жеткізген болатын. Өйткені малшылар мал жүнін өткізетін жер таппай қиналатынын айтты.

Сахибеден Бекенов, еңбек ардагері:

Мал өнімінің тек етін пайдаланып отырмыз. Жүнді жылына екі рет өртейміз. Өзімнің 1500 қойым бар. Жылына екі рет қырқамын да, өртеймін.  Қанша тырнақтап жиған тиыным желге ұшып жатыр. 

Базаргүл ІЗІМОВА