Күзде
Орал әуежайы күрделі жөндеу жұмыстарына жабылады. Ал жолаушылар Атырау немесе
Ақтөбе қалалары арқылы қатынайды. Осыған
орай, 1 қыркүйектен бастап ұшақтардың ұшу бағытындағы өзгерістер туралы
ескертіліп жатыр. Әуежайды жөндеуге 5,5 млрд теңге бөлінгенімен,
мердігер мекеме әлі анықталмаған.
Жоспар бойынша, ұшу-қону алаңының ұзындығы
мен ені ұлғайтылып, апаттық-құтқару стансалары, дыбыстық-жарық беру жүйелері
мен метеорологиялық құрылғылар орнатылады.
Ұзақ жылдар бойы жөндеу көрмеген
ұшу-қону алаңы апатты күйде болғандықтан, 2012 жылдан бері сыйымдылығы үлкен
әуе кемелері Орал әуежайын пайдаланудан бас тартты. Олар мұны жолаушылардың
қауіпсіздігімен байланыстырып отыр. Қыркүйектен қарашаға дейін созылар жөндеу
жұмыстары аяқталғасын мұнда алып ұшақтар да қона алады. Айта кетелік, жуырда
ғана мемлекет меншігіне өткен әуежайдың ұшу-қону алаңы бүгінде аптасына 30
ұшақты қабылдайды екен.
Қазыбек
Меңеев, БҚО жолаушы көлігі және автокөлік жолдары басқармасы басшысының
орынбасары:
Аэропорт
бір-екі-үш айға жабылады. Сол уақытта аэропорттың қожайындары самолетті, Бек
Эйрдің, бәрін Атырау арқылы ұшырамыз деп жатыр. Билеттің бәрі бұрынғыша мұнда
сатылады. Сол аэропорттың есебінен тегін автобустармен алып барып самолетке,
содан мінгізіп, сол түсетін кісілерді қайта алып қайтуға болады.