$524.75 €540.6 ₽5.12
×

Қарағанды облысында Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдердің әскери оқу-жаттығулары басталды

AstanaTV
15.08.2014ж. 20:00
1249
Қарағанды облысында Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдердің әскери оқу-жаттығулары басталды

Қарағанды облысында алғаш рет Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдердің әскери оқу-жаттығулары басталды. Бір аптаға созылатын шара «Спасск» полигонында өтуде. Онда Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь, Тәжікстан мен Қырғызстан елдерінің жасақтары әскери әзірліктерін өзара сынға салмақ.

 

Оның ішінде әуе қорғаныс және құрлық әскерлері өзара іс-қимылдарын пысықтайды. Сондай-ақ, әскерилер алғаш рет операциялық жүйелердің киберқауіпсіздігі, ақпараттық және психологиялық қарсы тұру техникасын паш етпек.

 

Айдос Елукешев, ҚР ҚК «Астана» өңірлік басқармасының мемлекеттік тілді дамыту қызметінің бастығы:

 

Орталық Азиядағы заңсыз әскери шабуылдарға тойтарыс беруді, есірткі мен терроризмге қарсы күресті мақсат тұтқан. Қарағанды облысында бірінші рет өтіп тұр. 2003 жылы бұл жаттығу Белоруссияда өткен.

 

Айта кетейік, ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының «Өзара іс-қимыл 2014» әскери жаттығуына үш мыңға жуық жеке құрам жауынгерлері қатысуда. Сондай-ақ, 50-ге жуық әуе техникасы мен тікұшақтар, 200-ден астам арнайы техника жұмылдырылған. Жалпы мұндай әскери жаттығулар қатысушы елдердің бәрінде өткізіліп тұрады. Қарағандыдағы оқулар 5 күнге созылмақ. Жаттығулардың соңғы күні "Спасск" полигонына Елбсы Нұрсұлтан Назарбаев келеді деп күтілуде.

 

Жұрағат БАМАН