$524.75 €540.6 ₽5.12
×

Қытайда баспана құны төмендей бастады

AstanaTV
18.08.2014ж. 20:00
1500
Қытайда баспана құны төмендей бастады

Қытайда баспана құны төмендей бастады. Шілде айының статистикалық көрсеткіші бойынша, аспан асты елінің 64 қаласында жылжымайтын мүлік бағасы арзандаған. Елді мекендердің басым бөлігінде құн түсімінің көрсеткіші 2,5 пайызды құрап отыр.

Ұлттық статистика бюросының келтірген мәліметі бойынша, тек ірі 2 қалада шаршы метрге деген баға шарықтап тұр. Сәйкесінше несие беру көлемі де 1,8 триллион юаньге төмендеген. Дегенмен, Қытай халық республикасының ұлттық банк мамандары таяу арада несиелеу қайта қалпына келетініне сенімді.

Айта кетейік, жуырда "Стандарт энд Пурс" сарапшылары да Ресейде жылжымайтын мүлік қолжетімді болады деген болжам жасады. "Бұл экономикалық өсімнің әлсіреуінен", - дейді олар. Көрші елдердегі  экономикалық бәсеңдеу Қазақстанға да әсер етуі ықтимал. Еске салсақ, Қазақстан Қытай мен Ресейге шикізат тауарларын экспортқа шығарады.  

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА