Қарағандыдағы
«ҚазӘуеСпектр» компаниясы АН-2 ұшақтарын қайта жаңғыртуды бастады.
Бұл туралы Қарағанды облыстық өнеркәсіп және индустриалды-инновациялық даму
басқармасының басшысы Төлеген Игембаев біздің арнаға берген сұхбатында айтты.
Оның айтуынша, "ҚазӘуеСпектр" компаниясы ресейлік ұшақтарды
жетілдіруді бастап кетті. Қарағандылық
билік бұл жобаның нақты, әрі ұзақ мерзімге созылатынынан үмітті.
Төлеген
Игембаев, облыстық өнеркәсіп және индустриалды-инновациялық даму басқармасының
бастығы:
Новосібірдегі
Чаплыгин атындағы ғылыми-зерттеу институтымен АН-2 ұшағын жөндеу бойынша
келісім жасалды. Зауыт аумағында қазір 4
борт бар, оларды қайта жаңғыртудан өткізеді. Сондай-ақ «ҚазӘуеСпекр»
Словенияның пилотсыз ұшақтарды шығаратын «Pipistrel» компаниясымен
әріптестік орнатуға ниетті.
«Фермер-500» ауыл шаруашылығы ұшақтарын шығару
идеясына қарағанда, бұл жоба үшін барлық жағдай жасалған. Естеріңізге салсақ,
әуе зауыты осымен 3-ші жыл ауыл шаруашылық ұшақтарын жинап, шығара алмай
келеді. Алайда бұл жоба Казанның «Мвен» фирмасының сызбаларындағы қайшылықтарға
байланысты тоқтап тұр. Дегенмен «ҚазӘуеСпектр» компаниясының қожайындары үмітін
үзбейтіндерін айтты. Жарты жылдан соң қазақстандық «Фермерді» ұшыратындарына
сенімді. Ал әкімдіктегілер бұл жаңа мәлімдемеге
ешқандай қатысымыз жоқ деп
отыр.
Базаргүл ІЗІМОВА