"Нұр Отан" партиясының 2015-2025
жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы бүгін
Таразда талқыланды. Партияның қалалық филиалында өткен кеңейтілген
отырыста қала әкімі мен қалалық маслихат депутаттары, сондай-ақ ассамблея мүшелері
мен әр түрлі этно-мәдени орталық басшылары қатысты.
Жалпы, жемқорлықты жоюға
бағытталған жоба партияның барлық бастауыш ұйымдарында талқылануда. Партияның
қалалық филиалының төрағасы арнайы баяндама жасап, бағдарлама аясындағы
іс-қимылдар жайын сабақтады. Ал көпшілік талқысынан кейін көптеген ұсыныстар
түсіп, оларды қорытындылау үшін партияның облыстық филиалына жіберіліпті.
Бүгінгі кеңейтілген отырыс барысында да жемқорлыққа жоюға арналған түрлі
ұсыныстар көптеп түсті.
Балабек Нарбаев, «Нұр Отан»
партиясы Тараз қалалық филиалы саяси кеңес бюросының мүшесі:
Сыбайлас жемқорлық орын алған
жағдайда, жемқорлықты қудалап, жазалаумен жағдай түзелмейді. Сондықтан партияының міндеттеріне осы құбылысты тудыратын себептер мен жағдайларды
ғылыми тұрғыда зерттеп, онымен күресу
жолдарын, әрбір қадамды анықтап беретін қоғамдық институт құруды
ұсынамын.
Данияр ӘЛІМҚҰЛ