$525.11 €546.74 ₽4.88
×

Керекуліктер орталық алаңда спорт күнін атап өтті

AstanaTV
18.08.2014ж. 20:00
879
Керекуліктер орталық алаңда спорт күнін атап өтті

Бес мыңға жуық керекулік спорт күнін Павлодардың орталық алаңында атап өтті. Жиналған бұқара дене шынықтыратын қимыл жаттығуларын жасаумен қатар, қазақтың ұлттық биі «Қара жорғаны» нақышына келтіре биледі. Павлодарлықтар жалпы республикалық акцияға осылайша өзіндік үн қосты.

70 жасар Бақытжамал әже бұқаралық жаттығу ұйымдастырылатынын естігенде, үйде қала алмағанын айтады. Жексенбілік таңда немересімен орталық алаңға асыға жеткен. Енді міне, салауатты өмір салтын дәріптейтін шараға ат салысқанына риза. Әсіресе, қарияның буын биі «Қара жорғаны» билегені таңқалдырды. Тіпті, қозғалысының емін-еркін болуын қалаған ол аяғындағы кебісін де шешіп тастаған. «Қозғалыс - мықты денсаулықтың кепілі. Сондықтан спортты жақсы көремін. Жуырда ғана дүние есігін ашқан тұңғыш шөберемнің қызығын көру - ендігі арманым», - дейді қария.

Бақытжамал Тілеулесова:

Осылайша өмірімді жалғастырамын деп ойлаймын. Ең аз болғанда, әжем менің 99 жасаған. Енді мен ойлаймын 90-100-ді алатын шығармын деп.

Шараға қарапайым тұрғындармен қатар, спорт ардагерлері, халықаралық және республикалық дәрежедегі спортшылар, мемлекеттік қызметкерлер мен кәсіпкерлер қатысты. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, бүгінде облыс халқының 27 пайызы спортпен жүйелі түрде айналысады екен.

Елеусіз Дүйсеков, олимпиадалық резервті даярлау орталығының директоры:

Қытайда таңғы сағат 7-ден бастап гимнастика жасайды. Барлығы жасайды. Мен ойлап отырмын, біз де соған жетеміз деп.

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ