$525.11 €546.74 ₽4.88
×

Серік Баймағанбетовты ешкім соққыға жыққан жоқ

AstanaTV
27.08.2014ж. 20:00
1134
Серік Баймағанбетовты ешкім соққыға жыққан жоқ

Серік Баймағанбетовты ешкім соққыға жыққан жоқ. Кедендік бақылау комитетінің экс-басшысының денсаулығы қалыпты, аман-сау. Ол қазір Қарағандыдағы тергеу изоляторында жазасын өтеуде. Бұл туралы Қарағанды облысының прокурорлары мәлімдеді. Арнайы ұйымдастырылған брифингте Серік Баймағанбетовтың колонияда ауыр халде жатқандығы туралы ақпар жоққа шығарылды. Медициналық сараптама нәтижелері бойынша жәбірленушінің денесінен зорлық-зомбылықтың белгілері анықталмаған. Сотталған азаматты колонияда кемсітіп, қорлады деген ақпар алғаш рет өткен жылдың қараша айында пайда болған. Кейіннен бұл оқиға сәуірде қайталанды.

Осыған орай Қарағанды облысының арнайы прокурорлары қылмыстық атқару жүйесінің қызметкерлері үстінен "Қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану" айыбымен қылмыстық іс қозғаған болатын. Тексеру он айға дейін созылды.

Еске салайық, Серік Баймағанбетов пара алғаны үшін 2013 жылдың қаңтарында қамауға алынған-ды. Сот шешімімен оған 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. 

Ғабиден Жиенбаев, Қарағанды облысы арнайы прокурорлары тергеу тобының жетекшісі:

Баймағанбетов соққы астында қалған деген ақпар расталмады. Басы мен қалған дене мүшелері де зақымданбаған. Осыған қарамастан, прокурорлар қылмыстық іс қозғады. Жәбірленуші мен қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлері арасындағы кикілжің тексеріледі.

Жұрағат БАМАН