$525.11 €546.74 ₽4.88
×

Президент Алматы облысы дихандарын ауыл шаруашылық өнімдерін көбірек өндіруге үндеді

AstanaTV
19.08.2014ж. 20:00
1242
Президент Алматы облысы дихандарын ауыл шаруашылық өнімдерін көбірек өндіруге үндеді

Алматы облысының диқандары жер игілігін барынша пайдалана алмай отыр. Өңірге жұмыс сапарымен барған Президент Нұрсұлтан Назарбаев шаруаларды ауыл шаруашылығы өнімдерін көбейтіп, оны Ресейге экспорттауға шақырды. Елбасы өңірдегі өнімнің 65 пайызын Іле және Қарасай аудандарының ғана қамтамасыз етіп отырғанын атап өтті.

Президенттің айтуынша, облыс шаруалары үшін барлық жағдай жасалған. Субсидия мен лизингке техника берілуде. Жалпы қаржының 75 пайызын мемлекет қамтамасыз етіп отырған көрінеді. Президент мақсатсыз пайдаланылып жатқан жер учаскелерін анықтау үшін ревизия жүргізу қажеттігін де ескертті. "Және жерді шын мәнінде ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланғысы келетін шаруаларға берген жөн", - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.