$525.11 €546.74 ₽4.88
×

Қазақстанда халықаралық стандарттарға сай жаңа түзету мекемелері салынуда

AstanaTV
27.08.2014ж. 20:00
1384
Қазақстанда халықаралық стандарттарға сай жаңа түзету мекемелері салынуда

Серік Баймағанбетовті колонияда ешкім ұрмағандығы туралы ақпарды қылмыстық атқару жүйесі комитетінің төрағасы Теңізжан Жәнібеков те растап отыр. Оның айтуынша, аталмыш факт бойынша қылмыстық іс өткен жылы қозғалып, жәбірленушінің шағымы расталмаған. "Баймағанбетовтың шағым жаза беруінің себебі түсінікті. Ол өзін Қарағандыдағы түрмеден Астанадағы колонияға жөнелтілуін қалайды", - деді Теңізжан Жәнібеков.

Сондай-ақ, бүгін комитет төрағасы Қазақстанда халықаралық стандарттарға сай жаңа түзету мекемелері салынып жатқандығын мәлімдеді. "Сотталушылардың көп бөлігі барак типтегі колонияларға тоғытылған. Бір бөлмеде оннан астам қылмыскер жататын. Осы орайда жазасын өтеушілерді камерада ұстау тәртібіне біртіндеп көшіру қолға алынуда. Қазіргі таңда 1500 орынға арналған арнайы түзету мекемесінің типтік жобасы әзірленді", - деді комитет төрағасы.

Теңізжан Жәнібеков, ҚР ІІМ қылмыстық атқару жүйесі комитетінің төрағасы:

Ұлттық экономикалық министрлігіне типтік камералық ұстау мекемелерінің құрылысы бойынша бюджеттік инвестициялық жобалар енгізу жоспарлануда. Жаңа мекемелерді пайдалануға беру ескі колонияларды оңтайландыруға жол береді. Ағымдағы жылы біз, мысалы, Қызылордадағы мекемені ашсақ, Павлодар облысындағы емдеу колониясын таратып, сотталғандарды басқа мекемелерге ауыстырдық.

Жұрағат БАМАН