Саят
Шаяхметовке қатысты сот ісі ілгерілемей тұр. Айыптаушы тарап
куәгерлерінің келмеуінен процесс үш күн қатарынан кейінге шегеріліп отыр. Сот
өкілдері орын алған жағдайды куәгер ретінде тартылған Білім және ғылым
министрлігінің жауапты хатшысының келмеуімен байланыстырып отыр.
Айта кетейік,
Білім және ғылым экс-вице-министріне қатысты қылмыстық іс өткен жылы қозғалды.
Қаржы полициясы оған Өскемендегі білім мекемесінің құрылысы кезінде 1 млрд
теңгеден астам бюджет қаржысын иемденді және ысырап қылды деген айып таққан
болатын.
Нұрлан
Бейсекеев, адвокат:
Өкінішке
орай, айыптаушы тарап бірнеше күн бойы куәгерлердің процеске келуін қадағалай
алмай отыр. Осы себепті істі қарау кейінге шегеріліп жатыр. Сот отырысын
ертеңге қалдырды. Енді ол өз жалғасын тауып, жақын арада нүкте қойылады деп
сенеміз.
Айгүл ӘДЕПБАЙ