Израиль
мен Палестина арадағы бітімгерлікті 24 сағатқа ұзартты. Газа секторындағы
қарулы қақтығыс бәсеңдегенмен, Израиль сарбаздарының қоршауында. Бұған
дейінгі жарияланған бітімгерлік ұзаққа созылған жоқ. Ресми Тель-Авив өткен
жұмада Палестин сарбаздары зымыран жіберді деп, қарап қалмады. «ЦАХАЛ» бейбіт
тұрғындардың үйлерін жермен жексен етті. Біріккен ұлттар ұйымы қоршау алынсын
десе, Америка тараптар атыс-шабысты біржола тоқтатсын деген ұстанымда.
Алайда
Израиль қауіпсіздік бойынша барлық талаптары орындалмайынша, атысты тоқтатуға
дайын емес. Естеріңізде болса, екі ел арасындағы бейбіт бітім Мысырдың
ықпалымен 14 тамызда тағы бес күнге ұзартылған еді. Ол уақыт бүгін аяқталды.
Аззам
аль-Ахмад, Палестина делегациясының басшысы:
Біз тек бір күнге келістік.
Ал ертең келісуіміз де, келіспеуіміз де мүмкін. Осы бітімгерліктің әр минуты
бейбіт өмір орнату мақсатында тиімді пайдаланылады деген үміттеміз. Олай
болмаған жағдайда, қантөгіс жалғасады.
Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ