Бүгін
Мәскеуден жүлдемен оралған қазақстандық танкішілер ұлықталды. Қорғаныс министрi Серiк Ахметов биатлонынан екі апталық халықаралық
чемпионат жүлдегерлерiн салтанатты түрде марапаттап, алғыс білдірді.
Еске
салсақ, қазақ танкішілері 12 ел арасында жалпыкомандалық есепте екiншi орынға
табан тіреді. Бірінші орында Ресей, ал
үшінші орынға - Қытай Халық Республикасы жайғасты. Жеңімпаздарға Қазақстан Қарулы күштерiнiң
халықаралық дәрежедегi беделiн арттыруға қосқан үлесi, халықаралық
ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесi үшiн медальдары және бағалы сыйлықтар
табысталды.
Серiк
Ахметов, ҚР Қорғаныс министрi:
Барлық
команда мүшелерi жеңiске деген құштарлығын, ұрыс қабiлетiн таныта бiлдi, бiр
адамдай жұмылып жұмыс iстеген. Бiздiң команданың шеберлiгi жарысқа қатысушылар
мен ұйымдастырушылар тарапынан да жоғары бағаланды.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА