Алматылықтар
төтенше жағдай кезінде жүгінуі қажет қауіпсіздік ережелерімен танысты. Қауіпті жете ұғыну үшін, «Қызыл жарты ай» қоғамының қызметкерлері жеті баллдық
жер сілкінісін қолдан жасады. Ол үшін симмуляциялық алаң таңдаған. Алдын-ала
әзірленген бағдарлама аясында қала тұрғындары табиғи апаттан туатын
қауіп-қатерлерді көріп, ұйымдастырушалыр олардан аман қалу шараларын
түсіндірді.
Ләззат
Ибрагимова, «Қызыл жарты ай» қоғамының бас жаттықтырушысы:
Жер
сілкінісі болған жағдайда, адамдар босағаның астына тығылу керектігін біледі. Кей
жағдайларда ол жерге оншақты адам тығылысады. Ереже бойынша босағаға тек екі
адам сыйсуы тиіс. Сондай-ақ, табиғи апат кезінде терезелерден алыстау керек.
Төсекті де ол жерден алшақ қою абзал. Телевизор секілді тұрмыстық техниканы да
дұрыстап орнату қажет.
Ұйымдастырушылардың
айтуынша, жалпы жер сілкінісі кезінде өзін-өзі құтқару бойынша отбасылық
іс-қимыл жоспары болуы абзал. Сондай-ақ, «Қызыл жарты ай» қызметкерлері бұндай
жағдайда «дабыл дорбасын» әзірлеп қою керектігін де ескертті. Онда құжаттар,
ұзақ мерзімді сақталатын азық-түлік, киім-кешек және таза су болуы тиіс.
Анастасия
Висягина, «Қызыл жарты ай» қоғамының төтенше жағдайлар бойынша үйлестірушісінің
көмекшісі:
Апат
болған жағдайда, ең бастысы қолыңызда қол шамы мен ысқырық болу керек. Үйіндінің
астында қалып қойған жағдайда, ол ең керекті зат. Сондай-ақ, дәрі қобдишасын да
ұмытпау қажет. Онда алғашқы медициналық көмекке керек дәрі-дәрмектер болуы
міндетті.
Жұрағат БАМАН