Қазақстандықтар
«ЭКСПО-2017» көрмесінің тұмарын таңдады. Жұртшылыққа қатты ұнағаны - «Тенгри
мен Бөрі» болыпты. Мамырда басталған конкурсқа осы уақытқа дейін 80-нен
астам жұмыс жіберілген. «Болашақ энергиясы» тақырыбына сай әрі Қазақстанның
ұлттық мәдениетінің ерекшеліктерін көрсете білген 7 тұмар арнайы
комиссияның іріктеуімен дауыс беруге жіберілді.
Екі апта бойы
жүргізілген дауыс беру қорытындысы бойынша,
2-орында «Күнсұлу, Бөбек және
Ұлан», 3-орында «Күнсұлу, Дауылхан және
Толқынай» тұмарлары тұр. «Энерджик», «Данара», «Жарық», «Азат, Бекей және
Дәрмен» аталатын жұмыстар да үздік ондықтың ішінде.
Үздік тұмарға интернет
арқылы дауыс беру кеше түнде ресми түрде тоқтатылды. Енді комиссия топ жарған
үш тұмардың ішінен үздік дизайн-жобаны таңдайды.
Тоғжан АМАНАЛИЕВА