Бүгін Алматыда ұстаздардың
дәстүрлі тамыз конференциясы өтті. Жиынға еліміздің бас ұстазы Аслан Сәрінжіпов
пен Алматы қаласының әкімі қатысты. Су
жаңа киноконцерт залында өткен конференция бірден келеңсіз оқиғадан
басталды. Министрдің "мектепке
дейінгі мекемелердің тапшылығы" атты баяндамасы барысында жарық өшіп қалды.
Фундаментом образования
является подготовка детей дошкольного образования. Для этого в республике
действует…
Бас ұстазды қолдамақ болған
әкімнің сөзін де техникалық ақау бөліп
жіберді.
Ахметжан Есімов, Алматы қаласының әкімі:
Я извиняюсь за то, что
произошло, сейчас разберемся! Кое-кто, думаю, запомнит это августовское
совещание хорошо. Хотели похвастаться, честно говоря.
Оборудование пока выключите! Сейчас питание
дадут резко!
Ахметжан Есімов, Алматы қаласының әкімі:
Мне подождать, да?
Ақыры жиын жалғасын тапты.
Ахметжан Есімов бірден қордаланған мәселелерге ойысты. Айтуынша, қалада
мектептер саны жеткіліксіз. Жуырда Алматыда жаңа мөлтек аудан бой көтерді. Сәкесінше білім беру мекемелері
жетіспейтіндігі күрт сезіле басталды. "Әлі 8 мектептің құрылысын бастау қажет",- деді Ахметжан Есімов.
"Білім және ғылым министрлігімен бірлесе отырып түйіткілдің түйінін
тарқатамыз", - деп сендірді ол.
Сөз болған тағы бір жағымды жаңалық:
жергілікті бюджеттен мектеп оқулықтарына биыл бір миллиард теңгеден астам
қаражат бөлінбек. Алайда алматылықтарды
толғандыратын негізгі проблема ұстаздар жалақысының төмендігі. Мұғалімдер не
бары 50-60 мың теңге айлық алады.
Ахметжан Есімов, Алматы
қаласының әкімі:
Басты мәселе - ұстаздарымыздың
жалақысы. Бала бақша тәрбиешілері тіптен 40 мыңнан айлық алады. Ұстаздарға
қойылған талаптар жоғары болғандықтан, жалақы да сәйкесінше болуы шарт.
Конференция соңында ұстаздар өткен жылды қортындылап, келер
жылдың нақты тапсырмаларын
айқындады. Ұстаздардың ауыр еңбегін
ұлықтау үшін әкімдік 1 мың мұғалімге 300 мың көлемінде сыйақы беретін болды.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА