$525.11 €546.74 ₽4.88
×

Иракта террористер Америка журналисінің өмірін қиғандарын мәлімдеді

AstanaTV
20.08.2014ж. 20:00
1458
Иракта террористер Америка журналисінің өмірін қиғандарын мәлімдеді

Иракта террористер Америка журналисінің өмірін қиғандарын мәлімдеді. «Қанқұйлы бейнежазбаны ғаламторға Ирак пен Сирия аумағында әскери іс-қимылдар жүргізіп жатқан «Исламдық мемлекет» тобы 19 тамызда жариялаған», - деп Deutsche Welle хабарлады. «Америкаға жолдау» деп аталған бес минуттық видеода қара киімді террористердің британдық акценті бар, беті қара бетпердемен жабылған ер адамның басын шауып жатқаны көрсетілген. Бейнежазбаны түсіргендер құрбанның 40 жастағы Джеймс Фоули екенін айтқан.

Видео әуелі Youtube сайтында жарияланып, кейіннен өшірілген. Бүгінде тілшінің туысқандары "фейсбуктегі" парақшаларында видеода Джеймс Фоули болғандығын растаған. "Джим өз елінің нағыз патриоты. Ол Сирия халқының азабын барша әлемге айтып, көрсетпек болды. Біз тұтқында қалған азаматтардың өмірін сақтап қалуды сұраймыз. Олардың пікірлері америкалық саясатты өзгерте алмайды", - деп жазған.

Айта кетейік, AFP ақпараттық агенттігінде қызмет еткен тілші 2012 жылы Сирияда із-түссіз жоғалып кеткен болатын. Сол кезден ол туралы еш ақпар болмаған. Қазіргі таңда АҚШ билігі бейнежазбаның шынайылығын тексеруде.

Жұрағат БАМАН