Еуропада әуе қатынасы қиындауы
мүмкін. Мәселе Мәскеудің еуропалық ұшақтарға Ресей әуе кеңістігімен ұшуға
шектеу қоюында емес, Исландиядағы Бардабанга жанартауының атылу қаупімен
байланысты болып отыр.
Өткен сенбіден бастап исландиялық метеорологтар
Бардабанга жанартауы аумағында 2800-ге жуық жер сілкіністерін тіркеген. Бүгінде
мамандар жанартаудың атқылау қаупі күшейіп тұрғанын хабарлауда. Жергілікті
билік жанартау маңайындағы біренеше көлік жолдарын жауып, әуе компанияларына дабыл
хаттарын жіберді.
Еске салайық, Исландияда төрт жыл бұрын атауы күрделі
жанартау атқылап, Еуропаның басым бөлігінде әуе қатынасы тоқтаған-ды. Ал
Бардабанга жанартауының соңғы жарылысы 1477 жылы тіркелген. 1910 жылы да оның
белсенділігі байқалған. Жанартаудың ең ірі төрт жарым баллдық дүмпуі 18 тамызда
сезілген.
Видир Рейнисон, Исландияның
азаматтық қорғаныс агенттігінің бөлім бастығы:
Біз
бұл аумақты жылдар бойында бақылап жүрміз. Дүмпу қуаты күннен күнге күшейіп
келеді. Сондықтан шұғыл шаралар қабылдап жатырмыз.
Жұрағат БАМАН