«Отбасы
бақытының кілті - бірлікте. Бірлік бар жерге бақ қонады». Отасқандарына 37 жыл
болған Жасановтар әулиеті - отбасы құндылығын осылай бағалайды. Араларынан сыйластық, жүректерінен жылулық кетпеген жұптың отбасында болып қайтқан Тоғжан
Жалғасбекқызы жалғайды.
Екі
ұл мен екі қыз өсірген асыл ана Қамқа Жасанованың жасы 61-де. Бүгінде төрт
баласынан 7 немере сүйіп отыр. Өкініштісі, екі ұлының 3 жасынан бастап құлағы
естімейді. Бірақ тағдырдың сыны - бұл отбасын сындыра алған жоқ.
Отбасындағы қамқорлық пен қолдаудың арқасында
екі ұлы да ел қатарлы білім алып, отбасын құрып, жұмыс істеп жүр. Осыған
қанағат дейтін үйдің ұйытқысы: «Бар байлығым-балаларының саулығы»,- дейді.
Қамқа
Жасанова:
Бірінші, бұл - денсаулық. Бәріміздің басымыз аман болып, татулық болып, бірлестік болып -
отбасының құндылығы сол. Өте бақыттымын деп ойлаймын. Аллаға тәубе деймін
бәріне, бақыттымын!
Отағасы
Рамазан Бүркітбайұлы "Бірігіп істеген тірліктің берекесі бар",- дейді.
Жақындарының жанында болу ол үшін - бақыт.
Рамазан
Жасанов:
Балаларым
қасымда, немерем қасымда. Жұбайымыз екеуіміз осы қызығына тоймай жүреміз. Сол
маған бақыт.
Жасановтар
отбасының кәсібі - қайырымдылық. Қамқа Жасанова - Астана қаласы мүгедек балалар
қоғамының төрайымы. 16 жылдан бері кемтар балаларға жан-жақты көмек көрсетіп
келеді. Сол қоғамның қолдауымен 2009 жылы «Балам-ай» қайырымдылық қоры
құрылған. Қазір мұнда 600-ге жуық мүмкіндігі шектеулі бала тіркеуде тұр. Оның
70-і орталықтың тұрақты тәрбиеленушілері. Мүгедектерге қол ұшын созуға - өз
балаларының басына түскен жағдай сеп болыпты. Ана жолымен жүрген үлкен
қызы сол қордың тірлігін дөңгелетіп
отыр. Өзінен әлсіздерге көмектесу - бала кезінен санасына сіңген заңдылық.
Өйткені екі інісіне қарап, бауырмал болу - ата-анасы қойған басты талап болды.
Әсел
Есмағанбетова, "Балам-ай" қоғамдық қорының жетекшісі:
Отбасы
құндылығы - біз үшін ең бірінші сыйластық. Бір бірімізге деген қамқорлық пен
мейірім. Ал жанұядағы қарым-қатынасымыздың негізі махаббат деп білем. Менің
балалық шағым бақытты өтті. Осы үйде алған тәлім-тәрбием бүгінде өз отбасымдағы
бірлікті сақтауға сеп болуда.
Бақытты
болу үшін, бай болу - басты мақсат емес.
Түсіністік пен шыдамдылық - Жасановтар отбасының құндылығы. "Үлкен бақыт - жылы
сөз бен кішкентай жақсылықтардан құралады",- деп біледі. Иә, Отан да отбасынан
басталады.
Тоғжан
ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ